11
сәуір
2018
Аса құрметті №40 балабақша меңгерушісі мен ұжымы!
Аса құрметті №40 балабақша меңгерушісі мен ұжымы!
Сіздерді келіп жеткен Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұжымдарыңызға береке-бірлік, жас балақандарды тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектеріңіз жемісті болсын демекпіз!
Жоғары топтағы немереміз Боранбаев Ғалымжанның тәрбиешісі Толеуі-шова Эльмира апайы – әр баланың мүмкіндігіне қарай жауапкершілік артып, барлық баланың қабілетін аша білетін өте керемет педагог болып шықты. Тек алғыр балаларды ғана таңдап алып, тұйықтау балаларды бөлектеп, алалап, ешқашан шеттетпейді. Барлық баламен бірдей жұмыс істейді. Шын мәнінде, өмірге келген әр баланың әртүрлі қабілеті болады. Тек соны аша білетін, көріп-тани білетін тәрбиеші-педагогтар сирек болады. Эльмира апай сондай сирек педагогтардың бірі екен. Біз өте қатты риза болдық.
Алдағы уақытта да еңбегіңе жеміс, отбасына амандық-бақыт тілей отырып, деніне саулық тілейміз! Алла әрдайым осы апайының армандарына жол ашсын! Біз сияқты ата-аналарының рақметін алған ерекше жан үнемі бақыт-тың базары мен шаттықтың ортасында жүрсін! Біз алдағы уақыттыта да мектепте де, өмірде де немерелерімізге тек осындай педагогтар жолықса екен деп тілейміз!
Омарова Ләззат,
ҚР Жазушылар одағының мүшесі.